SIM картасы мен батареяны салу
Маңызды: Бұл құрылғы стандартты SIM картасымен (суретті қараңыз) ғана
пайдалануға арналған. Сәйкес келмейтін SIM карталары құрылғы мен картаны
зақымдауы, сондай-ақ картадағы деректерді бүлдіруі мүмкін. mini-UICC ойығы
бар SIM картасын пайдалану туралы кеңесті мобильді байланыс
операторыңыздан алыңыз.
Бұл телефон BL-5J батареямен пайдалануға арналған. Әрқашан Nokia
корпорациясы шығарған батареяларды пайдаланыңыз.
Жұмысты бастау
7
1 Артқы қақпақты ашатын тетікті телефонның астыңғы жағына қарай тартып,
қақпақты шешіңіз.
2 Егер батарея салынған болса, оны алыңыз.
3 Құлпын ашу үшін SIM картасының ұстауышын сырғытыңыз (1) да, оны
тырнақпен көтеріңіз. SIM карта ұстауышын төмен түсіргенде (2) контакт
аймағы төмен қарап тұрғанын тексеріңіз, SIM картаны ұстауышқа салыңыз да,
ұстауышты төмен түсіріңіз (3). Құлыптау үшін карта ұстауышын сырғытыңыз
(4).
4 Батареяның және батарея бөлігінің түйіспелерін келтіріп, батареяны
салыңыз. Артқы қақпақты орнына салу үшін, жоғарғы ілмектерін өздерінің
ойықтарына бағыттап, қақпақ өз орнына түскенше басыңыз.