Nokia Asha 302 - Пернетақтамен жазу

background image

Пернетақтамен жазу
Телефонның пернетақтасы толық.

1

Функциялық перне. Пернелердің жоғарғы жағына басылған арнайы

таңбаларды енгізу үшін, функция пернесін, одан кейін тиісті пернені басыңыз.

Бірнеше арнайы таңбаны қатарынан енгізу үшін функционалдық пернені екі

рет басыңыз. Қалыпты режимге оралу үшін функция пернесін басыңыз.

2

Shift пернесі. Жоғары және төмен регистр режимдерінің арасында ауысу

үшін shift пернесін екі рет басыңыз. Төмен регистр режимінде бір жоғары

регистр әрпін енгізу үшін немесе жоғары регистр режимінде бір төмен регистр

6

Жұмысты бастау

background image

әрпін енгізу үшін shift пернесін басыңыз, кейін қажетті алфавит пернесін

басыңыз.

3

Sym пернесі. Пернетақтада көрінбейтін арнайы таңбаларды енгізу үшін Sym

пернесін басыңыз және қажетті таңбаны таңдаңыз.

4

Backspace пернесі. Таңбаны жою үшін backspace пернесін басыңыз.

Бірнеше таңбаны жою үшін backspace пернесін басып тұрыңыз.

5

Enter пернесі. Меңзерді келесі жолға немесе мәтінді енгізу өрісіне жылжыту

үшін, Enter пернесін басыңыз. Қосымша функциялар ағымдағы мәтінмәнге

негізделеді.

6

Ctrl пернесі. Бөлектелген мәтінді көшіру, қиып алу немесе қою үшін Сtrl

пернесін басып тұрып, C, X немесе V пернесін басыңыз. Бүкіл мәтінді бөлектеу

үшін Сtrl пернесін басып тұрып, A пернесін басыңыз.

Әріптің басқа нұсқасын енгізу
Мысалы, екпін белгілері бар әріптерді енгізуге болады. á таңбасын кірістіру

үшін sym пернесін басып тұрыңыз да, A пернесін қажет әріп көрсетілгенше қайта-

қайта басыңыз. Әріптер реті мен қол жетімділігі таңдалған жазу тіліне байланысты

болады.